Кіші Алматы өзенінде қар көшкіні жүрді

Ulysmedia

Кіші Алматы өзенінде өздігінен қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ТЖД

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін Кіші Алматы өзені бассейніндегі Алматы қаласының көшкін жинағышында өздігінен қар көшкіні жүрді.

Түскен қардың массасының жалпы көлемі 25 500 м3 құрады. Зардап шеккендер мен бүлінген құрылыстар болған жоқ, - деп хабарлады ТЖМ-ның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Алматыдағы «Pioneer» тау шаңғы курортының маңында қар көшкіні жүргенін хабарлаған болатынбыз.