Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленіп жатыр

Оралхан Қожанов

Қостанай облысындағы 3 ауданның аумағындағы су тасқынынан келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия өз жұмысын бастады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Қостанай облысының әкімдігі

Өңір әкімі жедел көмек көрсету, барлық мүмкін ресурстарды тарту бойынша нақты тапсырмалар берді.

"Үйге жарты сағатқа су кірсе де, бұл отбасылар зардап шекті. Ешкім мемлекеттің көмегінсіз қалмауы тиіс” - деп атап өтті облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

29 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі жарияланғаннан кейін Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы төлемдер төлене басталды.

Отбасының әрбір мүшесіне 100 мың теңгеден 183 адам төлем алды.

Шамамен бір отбасына орта есеппен 500-600 мың теңге бөлінеді.

Барлығы 18 млн. теңгеден астам төленді.

Бұл төлемдер тұрғын үйді жалға алу, азық-түлік, киім-кешек сатып алу және т.б.сияқты негізгі қажеттіліктерді жүзеге асыруға арналған.

Бірінші кезектегі төлемдерден басқа атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жылжымалы, жылжымайтын мүлік пен малды қалпына келтіруге қаражат қарастырылған.

Естеріңізге салсақ, Үкімет басшысы төтенше жағдайлар министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыру және елдегі ахуал туралы тәулік сайын есеп беруді тапсырған болатын.