Ақтөбеде полицейлер студент қызды қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласының жергілікті университетінің студентінен ірі көлемде ақшалай қаражат бопсалау дерегін анықтады.
Мұны осы оқу орнының студенті ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін материалдарды жариялайтынын айтып қорқытып, бопсалаған. Осы жылдың 25 наурызында жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер қолма-қол ақша алғаннан кейін күдіктіні ұстады.
Ұсталған қыз кінәсін мойындады. Ол қылмысы үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.