Тасқын қаупі: волонтерлер мен коммуналдық қызметкерлер Астана шетіндегі ауылға көмектесіп жатыр

Ulysmedia

Астана қаласының "Жастар рухы" және" Астана жастары" ұйымының 150-ге тарта еріктілері Жібек жолы кентіндегі (Ақмола облысы) су тасқынына қарсы күреске қолғабыс етті, деп хабарлайды Ақмола облысы Ulysmedia.kz.

gov.kz

Жібек жолы ауылының (Ақмола облысы) маңында еріген су деңгейінің көтеріліп, осы ауылдағы тұрғын үйлерді су басу қаупі туындаған. Екі тәулік бойы елорда еріктілері қорғаны су жайылып кетпес үшін күш салып, жұмысқа кіріскен.

Жібек жолы ауылындағы су тасқынына қарсы күреске елорда әкімдігі қорғаныс құрылысын салу және нығайту жұмыстарын жалғастыру үшін барлық қажетті техниканы, инертті материалдарды, құмға толы қаптарды әкелген.

Өткен айдан бастап елорданың коммуналдық қызметтерінің бір бөлігі Ақмола облысы Жібек жолы ауылына көмек көрсетуге бағытталған.