Қазіргі уақытта Орынбор қаласында Жайық өзенінде су тасқынының беті қайтатын емес, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
- Батыс Қазақстан бойынша су тасқынының шыңы 17-19 сәуірде болуы күтіледі. 2024 жылғы 12 сәурдегі БҚО бойынша жедел жағдай: Жайық өзені, Орал қаласының гидробекетінде судың деңгейі сағат 16:00-де 737 см болды, 8 сағат ішінде өзен суы 1 см көтерілді, – делінген хабарламада.
Ресейдің сағат 08:00-дегі деректері бойынша, Жайық өзені Орынбор қаласында су деңгейі 1129 см болған. Тәулік ішінде өзен суы 69 см көтерілген.
Бүгінгі таңда Ириклин су қоймасынан сағат 08:00-де судың келуі секундіне 720 шаршы метр.
Шаған өзені, Чувашин гидробекетінде су деңгейі сағат 16:00-де 926 см құрады, 8 сағатта су деңгейі 18 см түсті.
Қазақстандағы су тасқыны
Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.
Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.
Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.