Орал-Атырау тас жолында шетелдік көлік жүргізушісі бір үйір жылқыны қағып кетті

Ulysmedia

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 жылқы өліп қалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

mgorod.kz-ның мәліметінше, 1 қараша күні сағат 21:30-да шетелдік көлік Орал-Атырау тас жолының 290 шақырымында бір үйір жылқымен соқтығысқан.

«Ford Transit көлігінің 30 жастағы жүргізушісі еркін жайылып жүрген жылқы үйірімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 4 жылқы да өліп қалды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Жануарлардың иелері анықталмады, - деп түсіндірді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жылқылардың иесі кім екені анықталған жағдайда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынады.