Алматы облысы Кеген ауданында жер сілкінді

Аян Өрібай

2 балдық жер сілкінісі тіркелгенін Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

ТЖМ не дейді

Сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылдың 6 мамырында сағат 09:12 кезінде 44 секундтық жер сілкінісі тіркелгені жөнінде ақпарат берген. 

Эпицентрі мен магнитудасы

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 194 шақырым жерде – Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. MPV магнитудасы 5.7. Эпицентрдің координаттары 42..73° е. 79.21° Ш. Б. тереңдігі 10 км. сезгіштігі туралы мәліметтер (МЗК-64 шкаласы бойынша): Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылы 2 балдық жер сілкінісі тіркелген.