Алматы әуежайының президенті ауысты

Ulysmedia

"Алматы Халықаралық әуежайы" АҚ президенті болып Алп Ер Тунга Ерсой сайланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

"Алматы Халықаралық әуежайы" АҚ (Алматы) директорлар кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі шешімімен атқарушы органның құрамына өзгертулер енгізілді: Эркал Кадри Мете – бұрынғы президент шығарылды, Алп Ер Тунга Ерсой – президент болып тағайындалды", – делінген Қазақстан қор биржасының (KASE) ақпаратында.

Ашық деректерге сай, Алп Ер Тунга Ерсой 2021 жылғы шілдеден бері TAV Kazakhstan-да жұмыс істейді. Бұған дейін TAV Urban Georgia (Грузия) компаниясында басқарушы қызмет атқарған. 12 жыл бойы TAV Macedonia компаниясында жұмыс істеді.