Тасқын: 8 мыңнан астам үй қалпына келтірер жағдайда емес

Аян Өрібай

Қазақстан Үкіметі еліміздегі су тасқынының салдары жайлы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Су тасқынының салдары

Вице-премьер Қанат Бозымбаев елдің 3 664 азаматы эвакопункттерде екенін айтады. 

Су тасқыны басталғаннан бері зардап шеккендер үшін жалғыз тұрғын үйі саналатын 12 086 тұрғын үй мен 7 380 саяжай үйін су алып кеткен.

Тексеру нәтижелері бойынша 9 306 үй жөндеуге жатады. 8 190 үй қалпына келтіруге жатпайды. 

Алдын ала бағалау бойынша 24,1 млрд теңге сомасына 797 ШОБ субъектісіне зақым келген.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.