Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі тоқтатылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Ашық НҚА" порталында Атырау облысы әкімінің ТЖ режимін жою туралы шешімінің жобасы жарияланды.
Құжатқа сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешімнің күші жойылды деп танылады. Шешім жарияланған күні күшіне енеді.
Атырау облысындағы ТЖ
Еске сала кетейік, Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі 7 сәуірде болған су тасқынына байланысты жарияланды.
Қазақстандағы су тасқыны
Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.
Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.
Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.