Шымкентте бес адамнан сібір жарасы анықталды

Ulysmedia

Аталған жағдай Абай ауданы аумағында тіркелді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

24kz-ның мәліметінше, ауру малдың етін Түркістан облысының Сайрам ауданындағы кәсіпкер Жиделі шағын ауданының 15 тұрғынына сатқан. Оның төртеуінен індет белгілері байқалды. Етті тұтынған өзге азаматтарға қажетті медициналық-профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Шымкентте биыл сібір жарасын жұқтырғандар саны екі есе өскен.

«Ол ошақта барлық індетке қарсы іс-шаралардың барлығы толығымен жүргізілді. Ошақ жабылды. Бізде қарым-қатынастағы барлығы 14 күн медициналық бақылауда болды. Олар барлық антибиотик пен профилактикалық ем қабылдап, олардың арасында қайталанған жағдайлар кездескен жоқ», - дейді Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Балкүміс Мұсаева.