Шымкентте ер адам бір үйдің қыздарын зорлап, видеоға түсірген

Дастан Кенжалин

Шымкент қаласында жаға ұстатарлық оқиға болды. Ер адам 15 және 21 жастағы екі қызды зорлап, қылмысын видеоға түсірген деген хабар шықты, деп хабарлады Ulysmedia.kz. otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Константин Шелков

ЗОРЛАНҒАН ҚЫЗДАР СУИЦИД ЖАСАҒЫСЫ КЕЛГЕН

Бұған дейін әлеуметтік желіде апалы-сіңілі қыздың суицид жасамақ болып, қалалық ауруханаға түскені туралы хабар тараған еді. Алайда, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы қазір жәбірленушілердің медициналық мекемеде емес екенін айтып отыр.

Ал бір үйдің екі қызын зорлаған күдіктінің бұрын қылмыстық атқару жүйесінде қызмет еткені анықталды. Қазіргі күні  Шымкент қаласының полиция департаменті апалы-сіңлілі екі қыздың оқиғасына қатысты үш бап бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

6 тамызда «НеМолчи.kz» қоры Instagram-да Шымкенттегі Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының қызметкері жазған хатты жариялады. Оған сәйкес, төрт ай бұрын 15 және 21 жастағы апалы-сіңлілі екі қызды әлдекімдер зорлап, оны видеоға түсірген, оқиға туралы тіс жаратын болса, интернетке жариялайтынын айтқан. Хатта «зорлық жасағандардың бірі – полиция қызметкері» деп жазылған.

Полиция департаменті оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» (105-бап), «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» (122-бап) және «Қорқытып алу» бабы (194-бап) бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады.

Күдікті ретінде екі адам ұсталып, қамалған. Күдіктілердің бірі – полиция емес, ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің бұрынғы қызметкері, - деп хабарлады Шымкент қаласының полициясы.

БІР КҮДІКТІ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ІСТЕГЕН

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір күдікті тергеліп жатыр. Сонымен бірге күдіктілердің бірі қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің бұрынғы бақылаушысы болған.

Өкінішке қарай, қызды немесе әйелді зорлау еліміздің жер-жерінде бас қылтитып келеді. Жақында Қостанайда бес жасар қыздың топтық сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы жаға ұстатарлық оқиға болды.