Ақтауда автобус өртеніп кетті

Ulysmedia

Бүгін Ақтау қаласында «ПАЗ-320530» автобусы жол бойында өртенді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото; lada.kz

Маңғыстау қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінгше, ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиға 9 желтоқсан күні сағат 17:31 шамасында болған. Қазіргі уақытта өрт ауыздықталды.

«Өрт сөндірушілер келген кезде автобуста жолаушылар болмаған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген баспасөз хабарламасында.