Петропавлдағы ЖЭО-2 жылу жүйесінен ақау шықты

Сырым Қаржас

15 қаңтарда Петропавл ЖЭО-2-де деаэратор бөлікте қоректік су жүйесіне зақым келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы СевКазЭнерго АҚ-қа сілтеме жасап.

Ашық дереккөзден

Автоматика жұмыс істеп, станцияның негізгі жабдықтарын өшірілген. Мамандар мәселені тез анықтап, қалпына келтіру жұмыстарын бастады.

Салқындатқыштың өз қажеттіліктері мен айналымы бар. Сондықтан қаланы жылумен қамтамасыз ету жағынан жалпы зардап жоқ, бірақ салқындатқыш параметрлері қысқа уақытқа шамалы ауытқуы мүмкін, – деп атап өтті компания.

Станция жұмысын сағат 17.00-ге дейін толық жолға қоюды жоспарлаған.

2023-2024 жылдары Петропавл ЖЭО-2-де алты қазандық агрегат пен екі турбоагрегат жөнделіп, №1 түтін құбыры оқпанының құрылысы аяқталды.

Сондай-ақ, жылу қуатын 40 Гкал-дан астам ұлғайту үшін №1 турбоагрегатты қайта құру жұмыстары жүргізілуде, деп қосты ұйым.