Көршісі арыз жазған: Өскеменде көлігін 5 минуттан көп қыздырған үш адам айыппұл төлейді

Сырым Қаржас

Өскемен қаласының тұрғыны көлігін 5 минуттан көп қыздырған үш адамға полицияның үстінен арыз түсіріп, айыппұл салдырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

АРЫЗ ТҮСІРГЕН

Облыстық полицияның хабарлауынша, 102 арнасына бір азамат хабарласып, бірден үш арыз түсірген. Ведомство полиция қызметкерлері заңды осылай бұзғандарға жаппай айыппұл салу мақсаты жоқтығын хабарлайды.

Автокөлікті ұзақ қыздырғандарға әкімшілік хаттама тек азаматтардың арыз-шағымы түскен кезде ғана толтырылады. Сондай-ақ заңның бұзылғаны турасында дәлелдер (фото, видео) болуы керек, — деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

АЙЫППҰЛ

Қазақстанда тұрғын аймақтарда қозғалтқышы қосылып тұрған көлікті қоюға тыйым салынған. Қозғалтқышы қосулы көлікті 5 минуттан артық тұраққа қойғаны үшін 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған, ал қайталанған жағдайда – 10 АЕК (39 320 теңге).

ХАЛЫҚТЫҢ НАРАЗЫЛЫҒЫ

Бұл норма бірнеше жылдан бері қазақстандықтардың ашуын туғызып жүр. Олардың айтуынша, әсіресе Астана қаласында қыста көлікті жылытуға көбірек уақыт қажет. Сенатор Қожаевтың айтуынша, бұл бұрыннан қолданыста бар норма және ол экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген. Ал мәжіліс депутаттар ішкі істер министрі Ержан Саденовке сауал жолдап, жол ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдарды қайта қарау керектігін айтқан еді.