Семей әкімдігі не себепті 23 млн теңгеге шырша алды

Ulysmedia

Семей әкімдігі қала алаңдарына орнатылған екі жаңа шыршаның не себепті қымбат екендігін түсіндірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Желі қолданушылары екі жаңажылдық шыршаға бюджеттен 23 миллион теңге бөлінгенін хабарлады. Қалалаық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бұған қатысты сұраққа жауап беріп, қаланы жаңа жылдық безендіру үшін екі шырша сатып алғандарын түсіндірді. Мәскеуден «Уральская» деп аталатын жасанды ағаштар сатып алынған, олардың біреуінің биіктігі – 19 метр, екіншісі – 18 метр.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі сатып алудың жалпы бағасына тек ағаштардың өзі ғана емес, шыршамен байланысты шығындар, оның ішінде безендірулер де кіретінін атап өтті.

«Бұл шыршалар келесі бөліктерден тұрады: орталық алаңда ұзындығы 200 см-лық «Жұлдыз» тәжі орналастырылады. Әрқайсысы 10 метр болатын 200 жарықдиодты тізбектер алынды. 47 см-лық 25 дана «Жұлдыз» ойыншығы алынды, 36 смлық- 220 дана «Жұлдыз» ойыншығы алынды. 245 жұлдыз пішінді қуат адаптері алынды. Сонымен қатар,бұл  бағаға Мәскеуден тасымалдау шығындары, сондай-ақ құрастыру шығындары мен салықтар кіреді», - делінген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарламасында.