Сейсмологтар 12 наурыз таңертең Қазақстанның оңтүстігінде жер асты дүмпулерін тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 12 наурыз күні таңғы 06:15-те болған. Жедел мониторинг деректеріне сәйкес, оның эпицентрі Түркістан облысы Келес ауданының Достық ауылынан 14 шақырым қашықтықта орналасқан.
Мамандардың есептеуінше, өңірдегі сейсмикалық белсенділік 3 бал деңгейіне жеткен.
Келес ауданының Абай ауылында жер асты дүмпулері дәл осындай күшпен сезілген. Сол сияқты, Сарыағаш ауданындағы Сарыағаш қаласында да жерасты қозғалыстарының дәл осындай қарқыны тіркелді.
Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі салдарынан инфрақұрылымның бұзылмағанын және адам шығыны болмағанын мәлімдеді.