Трамптың саясаты: елдің бірі ұстайтын iPhone екі есе қымбаттауы мүмкін

Сырым Қаржас

АҚШ президенті Дональд Трамп әлемнің түкпір-түкпіріндегі елдерге бірқатар кең ауқымды кедендік тарифтер енгізді. Бұл шешім жаһандық сауда жүйесінің құрылымын түбегейлі өзгертуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Сарапшылардың айтуынша, мұндай шаралар тұтыну тауарлары үшін ауыр соққы болып тиеді. Олардың ішінде iPhone ұялы телефондары ең қатты қымбаттайтын өнімдер қатарында болуы ықтимал – егер Apple бұл шығынды тұтынушыларға жүктесе, бағалар 30%-дан 40%-ға дейін өсуі мүмкін.

Қазір iPhone құрылғыларының басым көпшілігі Қытайда өндіріледі, ал бұл елге 54 пайыздық тариф енгізілген. Егер бұл баж салығы күшінде қала берсе, Apple компаниясы қиын таңдау алдында қалмақ: шығынды өзі көтеру немесе тұтынушыларға аудару.

Apple акциялары 9,3%-ға құлдырады

Apple компаниясының акциялары бейсенбі күні 9,3%-ға төмендеді, бұл наурыз 2020 жылдан бері тіркелген ең ірі күндік құлдырау болды.

Компания жыл сайын 220 миллионнан астам iPhone сатады, ал оның ең ірі нарықтары – АҚШ, Қытай және Еуропа.

Ең арзан iPhone 16 моделі АҚШ-та 799 доллар бағамен ұсынылған. Алайда Rosenblatt Securities сарапшыларының болжамына сәйкес, егер Apple кедендік баж салығын тұтынушыларға толық жүктесе, бұл модельдің құны 1 142 долларға дейін, яғни 43%-ға қымбаттауы мүмкін.

Ал 6,9 дюймдік дисплейі мен 1 терабайт жадпен жабдықталған iPhone 16 Pro Max моделі қазір 1 599 долларға сатылып жатыр. Осы есеппен алғанда, егер шығын тұтынушы есебінен өтелсе оның бағасы 2 300 долларға жуық болмақ.