Меркіде жұрттың көзінше шетел азаматын пышақтап кеткен ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Сымбат Сатыбалдина
Видео кадры

Меркіде мотоциклшіні бірнеше рет пышақтап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жантүршігерлік жайт туралы әлеуметтік желіде белгілі болды. 

- Өткен демалыс күндері Шымкентте мотомаусымның ашылуына келген мотоциклші қайтар жолда, Мерке ауданындағы жанармай құю бекетінде, күндізгі уақытта екі жерден пышақ жарақатын алды. Ендігі мәселе, оның жазадан құтылып кетпеуінде, делінген жазбада. 

МИНИСТР ПІКІРІ

Бұл жайтқа қатысты ішкі істер министрі Ержан Сәденов пікір білдірді. Оның сөзінше, Жамбыл облысы Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде суық қару қолданылған шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

- Жәбірленуші шетел азаматына полицейлер жедел көмек көрсетіп, ауруханаға жетуін қамтамасыз етті. Медициналық көмек көрсетілді. Ол ауруханаға жатудан бас тартты. Өміріне қауіп жоқ, дейді министр. 

Оның сөзінше, күдікті қылмыс ізін суытпай қашпақ болған сәтінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- Іс бойынша тергеу барысы тікелей менің бақылауымда. Жаза бұлтартпастығы қағидасы толық сақталатын болады. Барлық кінәлілер заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылады, дейді Сәденов.