Қазақстандық танымал продюсер әрі актриса Баян Алагөзова 15 сәуір күні Instagram парақшасында жұбайы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовпен бірге түскен әсерлі суретін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ыстамбұл көшелерінде серуендеп жүріп түсірілген бұл фото желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді.
Кадрда ерлі-зайыптының шынайы бақытқа бөленгені анық көрінеді: олар қол ұстасып, жымияды. Жүздерінен жылылық пен мейірім сезіледі. Ал фотосуретке Баян поэтикалық сипат беріп, «Баян-Сұлу мен Қозы Көрпеш» деп атаған. Бұл атау — қазақтың ең танымал махаббат жырларының біріне жасалған ишара, әрі суретке романтикалық реңк үстеген.
Желі қолданушыларының реакциясы ұзақ күттірмеді: пікірлер бөлімін ақ тілектер мен сүйсінген лебіздер жауып кетті.
Алагөзовтер жұбы көп жылдан бері қазақ шоу-бизнесіндегі ең көп талқыланатын ерлі-зайыптылардың қатарында.
Айта кетейік, бұған дейін Баян Алагөзова «сәлем салу» дәстүрін «жабайылық» деп атағаны үшін сынға ұшыраған болатын.