Оңтүстік емес: Қазақстанның қай аймағында үйлену тойы көп болады

Сымбат Сатыбалдина
ЖИ / ulysmedia.kz

Ұлттық статистика бюросы қай аймақта некеге жиі тұратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАНША НЕКЕ ТІРКЕЛДІ

Өткен жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелді. 1000 адамға шаққандағы жалпы некелесу коэффициенті – 6,13.

АЙМАҚТАР

Некенің ең жоғары коэффициенті Астанада – 7,34, Алматы облысында – 6,98 және Ұлытау облысында – 6,70. Ең азы – Батыс Қазақстан облысында, ондағы көрсеткіш 5,58.

ЖАС АРАЛЫҒЫ

Өткен жылы үйленгендердің басым бөлігі 20-24 жас аралығында болған, ал алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлерде – 27,9 жас, әйелдерде – 25,2 жас болды. Жалпы қиылған некенің 18,2% – аралас неке.

БІЛІМ

Некеге тұрған қыздардың 41% жоғары білім болған, ерлердің 38% ЖОО-да оқыған. 

ҚАЙ АЙДА ҮЙЛЕНГЕНДЕР КӨП

Айлар бөлінісінде ең көп неке шілде айында тіркелген – 13 739, ең азы – мамырда (8453).