Ақмола облысында 100-ден аса үйді су басуына екі әкім ғана кінәлі ме

Аян Өрібай
Ulysmedia.kz

Ақмола облысында 100-ден аса үйді су басуына екі әкім ғана кінәлі ме? Бұл сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі Қазақстанның Су ресурстары және ирригациялар министрі Нұржан Нұржігітов пен Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевқа қойды.

НҰРЖІГІТОВ НЕ ДЕЙДІ

Үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысында екі әкім жағдайды жіберіп алды деген еді. Ол Ақмола облысындағы жүздеген үйі суға кеткен Астрахань мен Бұланды ауданының әкімі жайлы айтып отыр.

Жаңа министр мырза да жергілікті атқарушы органнан көріп отырсыздар. Аудан әкімінде не бар дейсіз. Ары кетсе үш трактор, екі погрузщигі бар шығар. Олар неден қателесіп отыр? Атқармаған ба? Хабар бермеген бе? – деп сұрады Ulysmedia.kz тілшісі жауапты өкілдерден.

НҰРЖІГІТОВ НЕ ДЕЙДІ

Нұржан Нұржігітовтің сөзінше, Қазақстан Үкіметі қабылдаған құқықтық-нормативті актілерде, су кодексінде су тасқынына байланысты кім қандай жұмыстарды атқаратыны белгіленген. 

Жалпы сіз көтеріп отырған мәселе жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Қанша жаңбыр жауатыны туралы болжам, қанша қардың жиналғаны міндетті түрде жергілікті атқарушы органдарға хабарланады. Оны ТЖМ-де құрылған орталық арқылы жеткізіледі. Бірақ табиғи жайттарды атап өту керек. Нормадан бір жарым есе жаңбыр жауған. Ауа температурасы көтерілуіне байланысты қаз тез еріген. Сондықтан, тағы да айтқым келеді. Жергілікті атқарушы органдар мен министрліктер тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды бір жылдың ішінде бітіру мүмкіншілігі жоқ. Жол картасы үш жылға арналған. Үш жылдың ішінде жыл да жұмыстар осылай атқарылады. Үш жыл ішінде нақты жүйені қалыптастырамыз. Жұмыстар жалғасын табады, – деді ол.

ТЖМ ҰСТАНЫМЫ 

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, аудан әкімдіктерінде жол карталары бар. “Ақмола облысында біздің күш құрылымдары тез келіп, құтқару жұмыстарын өткізді” деп жауап берді.