Қазақстанға жаңа қала не керек: Alatau City басты міндеті не болады

Аян Өрібай
Ашық дереккөзден

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстан не себепті ауқымды әрі қымбат жобаға кіріскенін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов Алатау жаңа мегаполисі Алматы қаласына қарсы тартылыс орталығы (контрмагнит) болатынына сенімді. Оның айтуынша, бұл — жаңа қаланы құрудағы басты мақсаттардың бірі. Яғни, елдегі ең ірі мегаполис Алматының жүктемесін азайту болмақ.

Сүлейменовтің айтуынша, Алатауда Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған ерекше шаралар қолға алынады.

Бұл — жаңа буын қаласы болады, онда бәрі жаңаша құрылмақ. Ол Алматыға қарсы тартылыс орталығы ретінде қызмет етеді. Алматы агломерациясының қаншалықты үлкен екенін бәріміз түсінеміз – 3,2 миллион адам. Бұл экологияға, жол қозғалысына, жүктемеге әсер етеді. Сол себепті, бізге жұмыс күші мен тұрғын үй қорын Алматыдан тартып ала алатын, сапасы жағынан кем түспейтін аумақ қажет. Алатау үшін бөлек заң қабылданады, оның аясында елімізде бұрын қолданылмаған тетіктер енгізіледі. Соның бірі – криптовалюта арқылы төлем жасауға мүмкіндік беріледі, – деді Сүлейменов.

Алатау Алматы қаласының орталығынан шамамен 47 шақырым солтүстікте орналасқан. Жаңа қала ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы қаулысына сәйкес Алатау ауылының базасында құрылған.

Жаңа қаланың құрамына 12 ауыл енді: Заречное, Арна, Жетіген, Еңбек, Жанаарна, Құйған, Жанадаур, Жанаталап, Ынтымақ, Қоянқұс, Дәулет және Қайрат.