Атыраулық ер адам Instagram-дағы видеосы үшін қамауға алынды

Сырым Қаржас
фото: dailysabah.com

Атырау тұрғыны Instagram желісінде былапыт сөздер қолданғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша айып тағылған. Істі Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты қарады.

Ол 2024 жылғы 12 маусымда Instagram парақшасында бейәдеп сөздер жазып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Оның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны өзі берген мойындау сипатындағы түсініктемелермен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және өзге де іс материалдарымен дәлелденді.

СОТ ҮКІМІ

Сот нәтижесінде азамат 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Алайда сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.