Атырау облысындағы Атамбаев елдімекенінің тұрғыны ауылдағы өмірі туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“ӨЗ ЕҢБЕГІММЕН АУЫЛДАН ҮЙ САЛДЫМ”
Тұрғынның сөзінше, оның ауылдағы үйін салғанына келесі жылы 30 жыл болады.
- Өз еңбегіммен ауылдан үй салдым. Ауылдан кетіп қалған жоқпын. Бірнеше ағайындымыз. Қара шаңырақта қалдым. 1996 жылы үйімді салған кезде халық жаппай жан-жаққа кетіп жатты. Ал маған қаладан тегін үй берді. Бірақ ол үйді тапсырып жібердім де ауылыма келдім. Анам “ең болмаса орталықтан үй салсайшы” деді. Мен “туған жеріме қолымнан келгенше бір үй салайын” дедім. Осы үйден жамандық көрген жоқпын. Жайықтың жағасынан балығын жеп, балаларымды асырап, жұмысымды істедім. Бұрынғы 40-50 үйден айналдырған 6-7 үй ғана қалды. Халықтың бәрі кеткенде кішкене құлазып қалдық, дейді тұрғын Ұлысмедианың “Ауылға жол” жобасында.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысының Томпақ елді мекенінің тұрғындары ауылдағы проблемалар туралы айтып берген болатын.