Қостанайда соққыға жығылған дәрігер Астанада емделетін болды

Сырым Қаржас
фото: thesun.co.uk

Қостанайда соққыға жығылған дәрігер Астанада емделетін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Антон Кистанов есімді дәрігерге 17 шілде күні шабуыл жасалды. Ng.kz мәліметінше, зардап шегушіде жабық бас-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі ми соққысы, оң жақтан жедел субдуралды қан кету, маңдай бөлігінің полюстеріндегі соққы ошақтары, шүйде сүйегінің ұзынша жабық сызықты сынығы анықталған.

Сонымен қатар, оң жақ төменгі еріннің шырышты қабығында жыртылған жара және шүйде тұсындағы жұмсақ тіндердің соғылғаны тіркелген. Қазіргі кезде зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы – «тұрақты, нашарлау жоқ».

КОНСИЛИУМ

Бүгін Қостанай дәрігерлері телемедицина арқылы Астанадағы әріптестерімен консилиум өткізді. Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, пациентті Астанадағы Шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл шешімді Денсаулық сақтау министрлігі қолдады.

МИНИСТРДІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаров дәрігердің соққыға жығылуына байланысты мәлімдеме жасаған болатын.