Сілеусін аулаған екі шығысқазақстандық ұсталды

Ulysmedia

Жедел алдын алу іс-шарасының алты күнінде 138 қылмыс тіркелді, оның 93-і ашылды, сондай-ақ бұрын жасалған 42 қылмыс ашылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: polisia.kz

polisia.kz-ның мәліметінше, 19 қаңтардан бастап Шығыс Қазақстан облысының полицейлері күшейтілген қызмет атқару нысанына ауыстырылды. Жедел алдын алу іс-шарасының алты күнінде 138 қылмыс тіркелді, оның 93-і ашылды, сондай-ақ бұрын жасалған 42 қылмыс ашылды.

Сондай-ақ, 21 қаңтарда Ұлан ауданы ПБ ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Әсет Сәбиев Каменка ауылының «Хансар» учаскесінде иттермен екі сілеусінді заңсыз аулау фактісін анықтады. Аталған факті бойынша тиісті рұқсатсыз аң аулаған Каменка ауылының 32 және 49 жастағы екі тұрғыны анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігі (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер көлік құралдары жүргізушілерінің жол ережесін бұзғандарын анықтап, жолын кесуде. Облыс жолдарында мас күйінде 27 жүргізуші ұсталды, автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.