Баланы балмұздақ беріп алдаған: БҚО-да педофил болуы мүмкін адам ұсталды

Сырым Қаржас
Видео кадры

Батыс Қазақстан облысында педофил болуы мүмкін адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Полиция мәліметінше, 22 тамыз күні сағат 21:20-да БҚО ПД Тасқала аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғынынан оның кәмелетке толмаған қызының жоғалғаны туралы хабарлама түскен.

Анасының айтуынша, қыз дүкенге оның танысымен бірге шығып, кейін оралмаған.

Жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылып, іздеуге полицияның барлық бөлімшелері жұмылдырылды.

ҚЫЗ ТАБЫЛДЫ

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 23 тамыз күні полицейлер күдікті ретінде 32 жастағы ер адамды ұстады. Ол қыздың жүрген жерін көрсетті. Жасөспірім қыз ауыл шетінде аман - есен табылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.