Жайық өзені жасыл түске боялып кеткен

Сырым Қаржас
Видео кадры

Махамбет ауданының Чкалов ауылы тұрғындары Жайық өзенінің суы бір сәтте қою жасыл түске айналғанын байқады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ерекше құбылысты бейнелеген кадрлар әлеуметтік желілерде тез тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Халықтың күдігі

Көпшілік бұл жағдайды өзеннің ластануымен байланыстырып, экологияға алаңдаушылық білдірді. Әлеуметтік желілерде түрлі болжам айтылып, техногендік төгінділер болуы мүмкін деген пікір басым болды.

Ресми түсініктеме

Атырау облыстық экология департаменті оқиғаға түсініктеме беріп, мамандар тексеру жүргізгенін хабарлады. Сараптама қорытындысына сәйкес, судың түсінің өзгеруі табиғи құбылыс – балдырлардың көбеюімен байланысты екен.

— Тексеру нәтижесінде техногендік төгінділердің ізі байқалған жоқ. Мамандар тұрғындардың денсаулығы мен өзен экожүйесіне қауіп төндірмеу үшін жағдайды әрі қарай бақылауда ұстайды. Қорытынды деректер көпшілікке қосымша жарияланатын болады, — деп хабарлады ведомство “Ақ Жайыққа”.