Тараздағы мектепте кішкентай қызға қастандық жасалған

Сырым Қаржас
gov.kz

Әлеуметтік желіде Тараздағы мектеп-интернаттың әжетханасындағы бақылау камерасынан түсірілген видео тарап кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кадрлардан бірнеше ұлдың қызды еденмен сүйреп әкеліп, кабинаға кіргізгенін байқауға болады. Сондай-ақ қыздың шалбарын киюге тырысқаны, ал айналасында ұлдардың қарап тұрғаны байқалады.

ЖАҒДАЙ ЖАСЫРЫЛҒАН

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның айтуынша, оқиға 5 сәуірде болған. Бірақ мектеп әкімшілігі бұл жағдайды жасырған.

– Барлық қатысы бар балалар (1 және 2-сынып оқушылары) анықталды. Облыстық комиссия құрылып, оқиға орнына барды. Тәрбиешілер мен мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жағдайды жасыру фактісі бойынша материалдар білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментіне жолданды. Балалардың ата-аналары хабардар етілді, – деді Закиева.

Қазір зардап шеккен қыз басқа мектепте білім алып жүр.