БҚО-да шенеунік қызметтік пәтерін босатпай отыр

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

БҚО-да экс-шенеунікті қызметтік үйден сот арқылы шығартуға тура келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

БҚО Қаратөбе аудандық сотына ТКШ бөлімі бұрынғы қызметкері мен оның отбасын қызметтік үйден шығару туралы талап арызбен жүгінді, деп жазады mgorod.kz.

Сот анықтағандай, ер адам 2020 жылдың наурызында әкімнің қаулысымен пәтер алған, алайда келісімшарт ресімделмеген. 2024 жылдың сәуірінде жұмыстан босатылғаннан кейін ол пәтерді босатуға асықпаған.

ЭКС-ШЕНЕУНІКТІҢ УӘЖІ

Сотта жауапкер талапты қанағаттандырмауды сұрады. Оның сөзінше, асырауында кәмелетке толмаған баласы бар, ал өзге баспанасы жоқ.

СОТ ШЕШІМІ

Сот талапты қанағаттандырып, заңға сәйкес еңбек қатынастары аяқталғаннан кейін қызметтік тұрғын үйден өзге баспана берместен шығару жүргізілетінін атап өтті. Сонымен қатар ТКШ бөліміне келісімшарттың болмауына байланысты ескерту жасалды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.