Алматы облысындағы өрт бір аптадан кейін бір-ақ сөндірілді

Сырым Қаржас
Фото: ТЖД

Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарының, Абай және Жетісу облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары, 28237, 52859 және 68303 әскери бөлімдері, сонымен қатар,ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары жұмылдырылған. 

ӨРТ ТУРАЛЫ

Еске салайық, 15 қыркүйекте Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шыққан болатын. 

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Ал 18 қыркүйекте Алатай қаласында төтенше жағдай енгізілді.