Алматы–Бішкек автожолында жантүршігерлік жол апаты болып, сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алматы–Бішкек автожолының 107-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Lexus маркалы автокөлік қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Toyota Alphard автокөлігімен соқтығысқан.
ҚАЗА ТАПҚАНДАР
Апат салдарынан сегіз адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді.
ТЕРГЕУ
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.
Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда аса мұқият болуды сұрайды.