Оралда 10 жастағы оқушыға шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Сырым Қаржас
ЖИ / ulysmedia.kz

Оралда 10 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кәмелетке толмағанға қатысты заңсыз әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталды.

– Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр, оның барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Айта кеткім келеді: балаларға қарсы жасалған қылмыстар ерекше бақылауда және барынша қатаң түрде тоқтатылады, – деді Батыс Қазақстан облыстық ПД бастығы Арман Оразалиев.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Атырауда ер адам 8 жасар қызды ұрлап кетпек болған еді.