Риддерде аюлар халықтың мазасын алды

Сырым Қаржас
видео кадры

Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласының тұрғындары аюлардың қаптап кеткенін айтып шағымдануда. Жыртқыш аңдар саяжайларға кіріп, омарталарды қиратып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Табиғи ресурстар басқармасының мамандары мен аңшылардың айтуынша, өңірде аюлардың саны 4,5 мыңға дейін көбейген. Ал небәрі бес жыл бұрын олардың саны екі есе аз болған. Сондықтан орманда қорек жетіспей жатқаны да мүмкін. Мамандардың пікірінше, адамдардың өздері де аюлардың шабуылына себеп болып отыр. Себебі саяжай иелері қоқысты кез келген жерге тастайды, ал омарта иелері балдың қалдықтарын бұталардың түбіне тастап, ұя маңындағы шөпті шаппайды.

Аюлар санын бақылауда ұстау қажет, бірақ бұл істі ғылыми тәсілмен жүргізу маңызды. Өйткені бейберекет ату жануарлар әлеміне ауыр зардап әкелуі мүмкін. 2025 жылы аңшыларға 185 аюды атуға квота берілген. Сонымен қатар, «Астана» телеарнасының хабарлауынша, Ресей аумағындағы өрттерден үркіп, біраз аюлар Қазақстанға өтіп келуі де ықтимал.