Қарағандылық ер адам ауласына кіріп кеткен 14 жылқыны атып өлтірген

Сырым Қаржас
Фото: pixabay.com

Қарағанды облысының Нұра ауданында фермер өз егіс алқабына кіріп кеткен жылқылар табынын атып тастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға 28 қыркүйекте Заречное ауылы маңында болған. Даланың ортасынан оқ іздері бар 17 жылқы табылған. Оның 14-і алған жарақатынан өліп қалған, деп жазады «Вечерняя Караганда». Куәгердің айтуынша, жергілікті фермер далада жылқыларды көлікпен қуып жүріп, жүріс үстінде атқан. Малынан айырылған ауыл тұрғындары енді істің «жабылып қалуынан» қорқады, өйткені күдікті – ауқатты адам, ірі жер иеленуші.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Өзгенің мүлкін әдейі жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Нұра ауданының 53 жастағы тұрғынын анықтап, бөлімшеге жеткізген. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

- Өзгенің мүлкі мен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын кез келген заңсыз әрекеттер қатаң түрде тоқтатылады, – деп атап өтті полиция өкілдері.