Ulysmedia тілшісі қаладағы бірнеше сайлау учаскесін аралап көрді. Сайлауға мониторинг жасап отырған азаматтық белсенді сайлауға дауыс берушілердің 10 пайызы ғана келді десе, «Аманат» партиясының бақылаушысы мен учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы 30 пайыз келді дейді.
«Сайлаушылардың 10 пайызы ғана келді»
95 сайлау учаскесінде сайлауға мониторинг жасап отырған азаматтық белсенді Кенжебек Сұлтанбеков сағат түскі үшке дейін сайлауға дауыс берушілердің 10 пайызы ғана келді дейді. Оның сөзінше, өзі бақылап отырған учаскеде дауыс беру белсенділігі өте төмен. Ол бұл жөнінде Facebook парақшасына да жазды. Сұлтанбеков сайлау учаскесінің кіреберісінде отырып сайлауды бақылап отыр. Себебі учаскенің ішіне кіріп отыруға бақылаушы мандаты жоқ.
«Сағат 15:15, 199 адам келді 15 күтім 1 адам 200 санға толған жоқ. Семей қаласы 95 сайлау участок», – деп жазды ол.
Жалғыз бақылаушысы бар участок
Ulysmedia барған тағы бір учаске – №26 сайлау учаскесі. Мұнда бір ғана «Аманат» партиясының бақылаушысы отыр. Назерке есімді бақылаушы учаскеде ешқандай заң бұзылмағанын, сайлаушылар келіп жатқанын айтты. Оның сөзінше, бақылаушы болғаны үшін партия ақша төлеген.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы учаскеде тіркелген 1618 адам тіркелгенін айтты. Оның сөзінше, сағат түскі 12-ге дейін сайлауға дауыс берушілердің 30 пайызға жуығы келгенін айтты.