Талғардың жаңа прокуроры болып Жайнарбек Мыңбаев тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Талғарда Алматы облысының прокуроры Берік Адамов ведомствоаралық кеңес өткізіп, ауданның жаңа прокуроры — Жайнарбек Мыңбаевты таныстырды. Ол жаңа басшының прокуратура органдарында 18 жылдан астам қызмет өтілі бар екенін, соңғы 7 жылда Бас прокуратурада жұмыс істегенін атап өтті.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, былтыр Шерзат Полаттың өлімінен кейін прокуратурада тағайындаулар жүрген болатын. Яғни 30 қазанда жаңа прокурор болып Ерлан Тағаев тағайындалған еді.
Биыл 6 қыркүйек Талғарда тағы бір жантүршігерлік оқиға болды. Сол күні кешке бейтаныс адам ер азаматты атып өлтіріп, кішкентай қызды алып кеткен.