Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы босанған

Сырым Қаржас
Фото: mexico.as

Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы бала босанған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Atyrau today мәліметінше, алдын ала мәліметтерге сәйкес, баланың әкесі 64 жастағы ер адам болуы мүмкін. Ол кісi – кәмелетке толмаған қыздың әжесінің жұбайы, туған атасы емес. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Облыстық полиция оқиға фактісін растады және осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Ойыл ауданының орта мектебінің 9-сынып оқушысы толық емес отбасында тұрады және қазіргі уақытта ауруханада жатыр, дейді полицейлер.