Атырауда туды аударып іліп қойған

Сырым Қаржас
видео кадры

Атырау облысының басты ту тұғырында мемлекеттік туды ереже бұзып іліп қойған, ту төңкеріліп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тудың суреті әлеуметтік желілерде жарияланды. Қала тұрғындарының айтуынша, ту бірнеше сағат бойы сол күйінде тұрған. Алайда әкімдік баспасөз қызметі мұндай қателікті мердігер компания қызметкерлері жібергенін мәлімдеді.

Кейінірек ту дұрыс қалпына келтірілді. Мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережесін бұзғаны үшін мердігер ұйымның қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ЖАЗА

«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, бұл бап бойынша жеке тұлғаларға 50 айлық есептік көрсеткіш — 184 600 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.