Алматыда 6 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

Сырым Қаржас
Фото: pixabay.com

Алматыда 71,9 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Алматы қаласының прокуратурасы құрылтайшысы шетелдік компания болып табылатын заңды тұлғаның заңсыз иелігіндегі 72 гектар ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтарылуына қол жеткізді.

ТЕКСЕРІС

Тексеріс нәтижесінде қаланың элиталық бөлігінде орналасқан учаскелер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып пайдаланылғаны анықталды, себебі шетелдік субъектілер Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы жерлеріне иелік ете алмайды.

16 шілдеде прокуратураның талап-арызы бойынша қаланың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жерді мемлекетке қайтару туралы талаптарды қанағаттандырды.
 
Ал 2 қазанда апелляциялық саты сот актісін өзгеріссіз қалдырды.

Осылайша, құны 5,9 млрд теңге жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.