Түркістан облысында 71 жастағы ер адам 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдіккке ілінді. Полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Полиция мәліметінше, Келес ауданы тұрғынының кәмелетке толмаған қызына қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттері бойынша жазған арызына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
ТЕРГЕУ
Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу нәтижесімен тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.
- Қылмыстық істің тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды, дейді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.
ОҚИҒА ТУРАЛЫ
Еске салайық, 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдікпен 71 жастағы ер адам қамауға алынды. Сұмдығы сол қаршадай қызға қорлық көрсетті деген өзге емес, өз ағайын атасы.