Батыс Қазақстан облысында белгісіз дрон жарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Бүгін таңертең Берлин ауданына қарасты Қызылтал ауылының маңында жарылыс болған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың күші соншалық – ауылдағы үйлердің шатырлары шайқалған.
Алдын ала мәлімет бойынша, дрон ірі жарылғыш затпен жабдықталған болған.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Бөрлі ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеріс жүргізіп жатыр.
Анықталған нысан елді мекен аумағынан тыс жерден табылған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
КОНТЕКСТ
Бүгін таңертең көрші Орынбор облысында да әуе шабуылы қаупіне байланысты дабыл жарияланған еді. Қазір жарылыстың себебі мен дронның шыққан тегі анықталып жатыр.