Маңғыстау облысында жасөспірім қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әлеуметтік желілерде мектеп оқушыларының төбелесі түсірілген видео тарады. Видеода бір қыз екінші қызды аяусыз ұрып жатқаны көрсетілген.
Кадр сыртында “Болды. Ұрма. Өліп қалады” деген дауыстар естіледі.
Оқиға 18 қазан күні Жаңаөзенде болған.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?
Полиция мәліметінше, қақтығысқа қатысы бар жасөспірімдер анықталып, ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілген. Олардың ата-аналарына балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді.
Сонымен қатар, материал кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды. Жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылды.