БҚО-да бес баланың өмірін қиған өрт бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр

Сырым Қаржас
Фото: Мой город

БҚО-да бес баланың өмірін қиған өрт бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қайғылы оқиға 4 маусым күні түс уақытында Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылында болған. Жалдамалы үйде тұрған отбасының үйіндегі заттар мен жиһаздар отқа оранған. Өрттің аумағы шамамен 30 шаршы метрді шарпыған.

Өрт сөндірушілер шақырту түскеннен кейін 5 минут ішінде орнына жеткен. Үй ішін қарау кезінде құтқарушылар 8 айлықтан 5 жасқа дейінгі бес баланы тауып алған. Балалардың барлығы ес-түссіз күйде, түтіннен уланған белгілерімен жатты. Олар шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, аман алып қалу мүмкін болмаған. Марқұм болған бес бала бір отбасының балалары. Өрт шыққан уақытта ата-аналары жұмыста болған. Белгілі болғандай, бұл отбасы өткен жылдың қарашасынан бері тұрғын үй кезегінде тұрған.

ТЕРГЕУ

“Мой ГОРОД” мәліметінше, БҚО полиция департаменті берген мәліметке сәйкес, Сырым ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері қылмыстық іс қозғаған. Тергеу әлі аяқталған жоқ деп хабарлады ведомство.