Маңғыстаудағы «Қазақтелеком» қызметкерлері жалақының төмендігіне шағымданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Видео Lada.kz сайтында пайда болды. Маңғыстау облысындағы «Қазақтелеком» АҚ инженерлері, байланысшылар, техниктер мен монтажшылардың ұжымдық үндеу жасаған. Қызметкерлер төлемдердің әділетсіз бөлінуі мен еңбекақының төмен деңгейіне назар аударуды сұраған.
МУСИНГЕ ҮНДЕУ
Компания басқарма төрағасы Бағдат Мусинге жолданған видеода жұмысшылар күнделікті міндеттерін адал атқарып, кәсіпорынның дамуына үлес қосып отырғанына қарамастан, өсіп жатқан баға мен инфляция жағдайында табыстары отбасын қамтамасыз етуге жетпейтінін айтады.
- Біз топ-менеджерлердің бір жолда 10 айлық алғанын, ал қарапайым жұмысшыларға небәрі 20 мың теңге бергенін естідік. Бұл — ашық әділетсіздік және біздің еңбегімізге деген көзқарастың көрсеткіші, — делінген өтініште.
Қызметкерлер компания басшылығынан басшылар мен қарапайым қызметкерлердің сыйақылары арасындағы теңсіздікке назар аударуды, сондай-ақ байланыс пен желілерді техникалық қызмет көрсетумен тікелей айналысатын мамандардың жалақысын қайта қарауды сұраған.