Ең кішісі 1-де: Түркістан облысындағы өртте тірідей жанып кеткендердің аты-жөні жарияланды

Сырым Қаржас
Фото: Ulysmedia.kz

Прокуратура Түркістан облысындағы өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылында 18 қараша күні таңертең 360 шаршы метр аумақтағы тұрғын үйден ірі өрт шыққан еді. Ресми мәлімет бойынша, қызыл жалыннан 12 адам көз жұмды. Полицияның мәлімдеуінше, өрттің алдында отбасы сүндет той өткізген: алдымен мейрамханада, кейін мерекені үйде жалғастырған.

Жергілікті билік таратқан мәлімет бойынша, қаза тапқан балалар 2009, 2010, 2012, 2015, 2017, 2019 және 2021 жылдары туған. Ең кішісі — 2024 жылы дүниеге келген, деп жазады ZTB.

Қайтыс болған бес бала бір үйдің балалары — үш қыз және екі ұл. Екінші отбасынан 2018 жылы туған бір қыз бала аман қалды.

ТІЗІМ

  1. 15.10.1991 ж.т. Шойбеков Дауренбек Талгатбекович (үй иесі)

  2. 10.01.1994 ж.т. Амантурдиева Динара Кадирбекқызы (әйелі)

  3. 17.12.2015 ж.т. Талгатбек Асия Дауренбекқызы

  4. 22.07.2017 ж.т. Талгатбек Дана Дауренбекқызы

  5. 19.02.2021 ж.т. Талгатбек Алихан Дауренбекұлы

  6. 19.02.2021 ж.т. Талгатбек Амирхан Дауренбекұлы

  7. 18.03.2019 ж.т. Талгатбек Алуа Дауренбекқызы

  8. 08.01.1990 ж.т. Умирзахова Маржан Альдьярова

  9. 16.01.2009 ж.т. Талгатбек Жансая Олжасқызы

  10. 06.12.2010 ж.т. Талгатбек Ассабур Олжасбекұлы

  11. 05.09.2012 ж.т. Талгатбек Мұхит Олжасбекұлы

  12. 20.03.2024 ж.т. Талгатбек Раяна Олжасбекқызы оқиға орнында қайтыс болған.

  1. 22.06.1964 ж.т. Турегелдиева Гулжамила Сейдахановна

  2. 02.08.1986 ж.т. Шойбеков Олжасбек Талгатбекович

  3. 05.05.2018 ж.т. Талгатбек Жасмин Олжасбекқызы аудандық орталық аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылған.

Жалпы 12 адам қаза болды. Аман қалған үш адамның өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Қайғылы оқиға бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды.

ӨРТ

Еске салайық, бүгін таңертең Түркістан облысындағы Алғабас ауылында қайғылы оқиға болды. Екі қабатты үйден өрт шығып, 12 адам қаза тапты. 

КОМИССИЯ

Президенттің тапсырмасы бойынша Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды.