Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлфұхар Жолдасов Алғабас ауылындағы үй өртіне қатысты себептер әлі зерттеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оның айтуынша, «101» қызметіне қоңырау таңғы 5:38-де түскен. Алты минуттан кейін оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен.
— Қазір марқұмдарды жерлеу мәселесіне байланысты барлық көмекті көрсетіп жатырмыз. Отбасына әлеуметтік, психологиялық және медициналық қолдау көрсетілуде, үйді қалпына келтіруге қатысты да көмек беріледі. Материалдық шығындардың барлығын біз көтереміз, — деді Жолдасов.
Оның айтуынша, өрттің газ жарылысынан болғаны туралы болжам тексеріліп жатыр.
— Қарадық. Оларда қазандық, газ қазандығы үйдің сыртында орналасқан. Сондықтан газдан болған жарылыс не хлопок — өрттің себебі ретінде мүлде мүмкін емес. Бірақ түпкілікті қорытындыны мамандар айтады, — деді ол.
ОҚИҒА ОРНЫНАН РЕПОРТАЖ
Айта кетейік, бұған дейін Ұлыс тілшілері қайғылы оқиға болған ауылға барып, арнайы репортаж жасаған болатын.