Жетісай ауданының Алгабас ауылындағы жеке үйден шыққан өртке тұрмыстық техника қосылған желілік сүзгінің істен шығуы түрткі болуы мүмкін. Алайда нақты себеп сараптама нәтижелері шыққаннан кейін ғана анықталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Түркістан облысы ТЖД мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Айнабековтің айтуынша, өрт туралы хабар таңғы уақытта түскен. Оқиға орнына 8 құтқарушы және екі техника дереу жұмылдырылған.
— Қазір облыстық ТЖД-ның өрт-техникалық зертханасы оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам желілік сүзгінің ақауы өртке себеп болуы мүмкін екенін көрсетеді. Дегенмен зертханалық қорытынды әлі шыққан жоқ. Өрт фактісі бойынша тексеріс басталды, қажетті шаралар атқарылып жатыр. Нақты себеп анықталған соң қосымша ақпарат беріледі, — деді Жасұлан Айнабеков Jibek Joly телеарнасына.
ӨРТ
Еске салайық, күні кеше Түркістан облысындағы Алғабас ауылында жеке үйден өрт шығып, 12 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.
Алғабастағы трагедияның мән-жайы.