Желіде курсантты буындырғандардың видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оқиға Семейдегі Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының аумағында түсірілген. Әлеуметтік желілерде оқушылардың бірі сыныптасына қатысты орынсыз әрекет көрсеткен ескі видео таралып жатыр.
БАСҚАРМА НЕ ДЕЙДІ
Видео 2023 жылы түсірілгені анықталды. Бұл жағдай сол уақытта мектеп педагогтары тарапынан дереу қаралып, қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
- Екі оқушы да 2025 жылы оқуын аяқтады. Лицей әкімшілігі тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынасына үнемі бақылау жүргізілетінін және кез келген тәртіпке сай емес әрекеттердің бірден тоқтатылатынын атап өтеді, – дейді Абай облысының білім басқармасы.